Бойыңдағы дарын менен қабілет
Бойыңдағы дарын менен қабілет

Бойыңдағы дарын менен қабілет,

Тәңір берген шапағатты нығымет.

Өз өзіңе сенсең дарын ашылмақ,

Сол себепті сеніміңді мығым ет.

 

Жүрегіңнің ұға білсең сарынын,

Өркендейді Алла берген дарының.

Дарын болып жаралмағам деп ойлау,

Талантыңа балта шабар тар ұғым.

 

Қабілет бар берілетін саған-ақ,

Тынысын аш, күтіп ұстап, бағалап.

Алла берген талантына сенгенге,

Ғалам сыйы шексіз әрі ғаламат.

 

Сын садағын жүргендерге сан атып,

Арманыңды алмау керек тонатып.

Алла бізді ерекше қып жаратқан,

Қабілетті түрлі қылып таратып.

 

(Мәселен құс ұшу үшін жаралған,

Жылан болса жорғалаудан нәр алған...)

...Өз дарынын дер кезінде танымай,

Бұл ғаламда күйреді ғой сан арман.

 

Әлем саған міндетті емес сенуге,

Саған міндет бір шешімге келуге.

Арманыңды таба алмасаң мәжбүрсің,

Бөгде арманның жетегіне еруге.

Досан ҚауменДосан Қаумен
8 жыл бұрын 5312
0 пікір
Блог туралы