Жүрекпенен иман ет Аллаға ұлық
Жүрекпенен иман ет Аллаға ұлық

Жүрекпенен иман ет Аллаға ұлық

Жүрегіңе күмәнмен салма құлып.

Мөп-мөлдір жаныңменен мінәжат ет,

Сүйеніп Алла берген заңға тұнық.

 

(Өмірде адасқан көп жансақ ұғып...),

Әр таңда мінәжатты аңса тұрып. 

Илләһи Хақ ілімнен бастау алған,

Ғаламдағы барша ілім, барша ғұрып.

 

Өркенде қу нәпсіңе сал да құрық,

Көркемде мінезіңді алға жүріп.

Сауапты іс мүлде елеусіз кетпек емес,

Аллаға кәміл иман барда құрып.

 

Сауабы құлшылықтың қанша? Біл! Ұқ!..

(Бұл әлем нәпсі ойнақтан шаршады нық)

Аллаға тәукелің сақтар сені,

Нәпсіден құрылса да қанша құрық.

 

Жүрмеспіз ой-уайымсыз жанша күліп,

Иманды қажет етер жан шақырып.

Имансыз жаның сенің нұрланбайды,

Болса да ол қанша мөлдір, қанша тұнық.

 

Жүрегіңе күмәнмен салма құлып,

Кәміл сен! Тәңірі - Хақ, Алла – бір! Ұқ!

Мөп-мөлдір жаныңменен мінәжат ет,

Бар мадаққа лайықты Аллаға ұлық!

Досан ҚауменДосан Қаумен
8 жыл бұрын 2981
0 пікір
Блог туралы