Бақытыңды алмау үшін тұсап шын,
Болу керек оңды ойлауда ұсақшыл.
Түймедейден қуаныш ал ғаламат,
Бағынғандай бір өзіңе мұзарт шың.
Ғұмырыңды сүру үшін күйінбей,
Ойыңды біл ізгі арнада түйіндей.
Шын жүректен сәбилерше қуанғын,
Ізгілікке құртақандай, түйірдей.
Шаттана алсаң нәрселерге тым шағын.
Азаяды бұл өмірде мұң шағың.
Алла Өзі шағындардан құраған,
Жаратқанда шексіз ғалам, жер шарын.
Жүргің келсе әрбір сәттен ырыс ап,
Қуана біл нәсіптерге тым ұсақ.
Қуана біл сейілдеудің орнына,
Еңбек етсең бір күрделі жұмыс ап.
Әрбір сәттен ізгілікті аңсап тұр,
Ізгіліктен үміттенбеу жансақ, біл.
Зор нәсіпке жету үшін өмірде,
Аз нәсіпке алдыменен ынсап қыл.
Қуана біл Алла берген әр демге,
Қуана біл ұсақ көмек жәрдемге.
Бүкіл әлем жарқын болып көрінер,
Мардымсыздан шаттық ала білгенге.
Бұл өмірде бекер емес ештеңе,
Ешқашанда баққа жету кеш деме.
Триумфтарда болу үшін шадыман,
Жеңістерге қуана біл кішкене.
Ғибратлы ойлау өміріңді тең нықтар,
Әр түйірде бір ғаламат кеңдік бар,
Түймедейге бағынады ғаламат,
Бұл ғаламда сондай ғажап теңдік бар.