Өмірдің көп мәнді, құнды сынағы...
Өмірдің көп мәнді, құнды сынағы... Көңіл көзің болу керек қырағы. Нағыз өмір қазіргіден шыңдалу, Нағыз өмір ізденістен тұрады. Күннен күнге өзіңді өзің шыңдай түс, Шыңдалмасаң өзгермейді, тынбайды іс. Кіл күдіктің шырмауында қалғанда, Жүрегіңнің ғазиз үнін тыңдай түс. Қазіргіден жақсы болу - мақсатың, Өміріңді өркендетер бақ сатың. Шоқ жұлдыздай артында нұр қалатын, Сенің-дағы қалу керек жақсы атың. Көңіл төрің толы болсын ізгі ойға, Парасаттың тұнығына жүз бойла. Ғұмырыңда тек байлықты ойламай, Абыройлы, таза, жарқын жүзді ойла. ...